Абай даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Абай даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық мобилділік басқармасы тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеді.

Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейін шығыс бағытта көліктер уақытша Абай даңғылының солтүстік бетіндегі бір жолақпен жүре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Асфальт жабындысының жоғарғы қабатын төсеу бойынша жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 11 шілде сағ. 08:00 мен 12 шілде сағ. 06:00 аралығында Абай даңғылының Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде шығыс бағытта көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады.

Аталған жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.