Абай бюстін жасаған қырғыз мүсіншісі «Достық» орденімен марапатталды

Абай бюстін жасаған қырғыз мүсіншісі «Достық» орденімен марапатталды
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақтың ұлы тұлғаларының асқақ мүсіндерін жасап жүрген қырғыз мүсіншісі Тамила Маматова «Достық» орденімен марапатталды.

Марапаттау туралы Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Мүсіншінің қос халық арасында бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі бағаланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Еске салсақ, Тамила Маматова ұлы Абайдың бюстін жасап, Көкшетау колледжіне тарту еткеннен кейін Қазақстанда танымал болды. Мүсіншінің келесі жұмысы - Мұхтар Әуезовтің мүсіні. Бұл туынды Шолпон-Ата қаласында қазақ жазушысының мұражайында қойылады.

"Бұл орден маған үлкен шабыт сыйлайды. Абай Құнанбаевтың мүсіні өзім елестеткендей шықты. Тек кейінірек Шыңғыс Айтматов пен Тәттібүбі Тұрсынбаеваның бюстін жасап, әдеби топтаманы жалғастырдым десем де болады. Абай мен Әуезов - қазақтың ұлы тұлғалары", - дейді мүсінші Тамила Маматова.