«АҚШАМНЫҢ» АФИШАСЫ

  • КӨРМЕ

14ҚР Орталық мемлекеттiк мұражайы

«Самал -1», 44

Тел: 264-55-77, 264-46-50.

Жұмыс уақыты – сағ.9.30-18.00, демалыс күнi – сейсенбi

(Кiру бағалары: оқушыларға – 50 теңге, студенттерге – 70 теңге, үлкендерге – 100 теңге).

 

Мұражай Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын мұражайдағы экспозициялар мен көрмелердi тамашалауға шақырады:

5-зал – “Ашық қор” – “Қазақстанның архео­логиялық алтыны”. Экспозиция Қазақстан аймақтарынан табылған бiрегей жәдiгерлермен: Шiлiктi, Тарасу (б.з.д.VII-VI ғғ.), Покровка (б.з.д.V ғ.), Жалаулы (б.з.д.VIII-VII ғғ.) және Қарғалы (б.з.д. II ғғ.) қорымдарынан табылған сақ, сармат, үйсiн тайпаларының алтын бұйымдарының түпнұсқа­ларын және Отырар-Қаратау мәдени ескерткiштерiн таныстырады (IV-V б.з.д).

6-зал – антропология музейi – Орталық Азия­дағы бiрегей музей. Экспозиция алғашқы адам­дардың өмiрiнiң ең маңызды кезеңдерiн бейнелей отырып, ғасырлар қойнауындағы оқиғалар арқауына жетелейдi. Экспозиция адамзаттың қалыптасуын: қазiргi адамның даму үрдiсiн және оның жер бетiнде таралуын, расогенетикалық және этногенетикалық тарихын көрсетедi. «Алтайдағы Берел патша (ер мен әйел) қорғаны» диорамасында осы қорғанның толық жаңғыртпасы берiлген.

7-залда 1879 жылы Қазақстанға келген орыс суретшi-кескiндемешiсi, өлкетанушысы, этнографы, Түркiстан археология әуесқойлары үйiрмесiнiң мүшесi, Орыс географиялық қоғамының Жетiсу бөлiмiн құрушы Николай Гаврилович Хлудовтың (1850-1935) коллекциялары көрсетiлген. Н.Г.Хлу­дов­тың шығармашылығында қазақтардың дәстүрлi мәдениетiнiң және өлкесiнiң бай табиғатының әр түрлi қырларын бейнелеуге арналған жұмыстар айрықша орын алады. Оның мұраларының ең айтарлықтай бөлiмi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Орталық музейi қорында сақтаулы (Кiру бағасы – 1000 теңге).

Жоспарланған көрмелер мен шаралар:

* Қоғам қайраткерi, аса көрнектi қазақ композиторы, КСРО халық әртiсi Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған көрме. Көрме ағымдағы жылдың 7 қарашасына дейiн жалғасады.

* 26 қыркүйек – 17 қазан аралығында «Кимоно шеберi Итику Куботаның көзқарасындағы әлем» атты көрме өтедi.

 

Ә. Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттiк Өнер мұражайы 

14.2«Көктем-3» ықшамауданы, 22/1

Тел:394-55-19, 394-57-09, 394-56-75.

«Сен менiң елiме бар, жерiмдi көр»

10 қыркүйек күнi Ә.Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттiк Өнер мұражайында ҚР Суретшiлер одағының мүшесi Нұрболат Ысқақовтың «Сен менiң елiме бар, жерiмдi көр» атты жеке көрмесi ашылды. Экспозицияда суретшiнiң 40-қа жуық кескiндеме туындылары қойылған. Сондай-ақ, бұл көрмеге суретшiнiң ұлы Нұрсұлтан Сәйдiновтiң бiрнеше туындысы қойылған.

Көрме 30 қыркүйекке дейiн жалғасады.

 

Қазақ-француз суретшiлерiнiң көрмесi    

Ниве-Carzon галереясы, Француз мәдениет министрлiгi және IADA 20 қыркүйек пен 16 қазан аралығында Ә.Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттiк Өнер мұражайында «Ультра­зерде» атты заманауи қазақ-француз көркемөнер көрмесiн ұсынады.

«Ультразерде» көрмесi – өткендi, жақынды, алысты көркем көзқараспен шақырған жаңа серпiлiс. Суретшiлер Жозеф Чой мен Гайша Маданова iшкi әлем, өзiндiк үйлесiмдiлiктiң бұзылуына, психологиялық қайғыру және сыртқы келiспеушiлiктерге жауап беруге көңiл аударады. Сәуле Сүлейменованың «Казахская хроника» шығармасында қабырға, дуал тәрiздi дүниелер ежелгi тарихтан сыр шертедi. Ғалым Маданов пен Алмагүл Меңлiбаева өз шығармаларында жоғалатын және қайта жанданатын салт-дәстүрлердiң өзгеруiне және шынайылық тақырыбына назар аударады.

Көрмеде ұсынылған фотосуреттер мен кескiндемелер синтезi – дәстүрлi құралдарды жаңа өрнектермен бiрiктiрудiң көрнектi идеясы.

«Тәңiрi Ұмай» галереясы

Панфилов көшесi, 103

Тел: 273-57-66, 258-11-52.

 

Алматыға «Жапон күзi» қайта келдi

Үш жылдан берi «Дегдар» гуманитарлық қоры «Жапон күзi» атты халықаралық фестивальге өнерсүйер қауымды шақырып келедi. 23 қыркүйектен 5 қазанға дейiн «Тәңiрi Ұмай» галереясында  «Жапония мен Қазақстан фотосуретшiлерiнiң туындыларындағы табиғат көрiнiстерi» атты фотокөрме өтедi.

Көрмеге әйгiлi 6 жапон суретшiсiнiң туындылары қойылады. Ал, Қазақстан табиғатының сұлу көрiнiстерiн фотографтар Николай Постников, Олег Белялов, Вадим Соловьевтердiң суреттерiнен тамашалауға болады.

Кiру тегiн!

 

14.414.6

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *