АҚШ 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуды ұсынды

АҚШ 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуды ұсынды Сурет: 24.kz

Коронавирустың алдын алу


АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенский 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егу үшін америкалық Pfizer және немістің BioNTech компанияларының вакциналарын қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының тобы жүргізген модельдеуге сәйкес, 5-11 жас аралығындағы балаларды вакциналау коронавирус инфекциясының таралуын 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін 8% төмендетеді. Топ мүшесі Сара Оливердің айтуынша, вакцинация вирустың ықтимал жаңа нұсқасының әсерін азайтуға көмектеседі.


Бұған дейін АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің жанындағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасы басқармасы 5-11 жастағы оқушыларға Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қолдануды мақұлдаған болатын.


Оқу жылы басталғалы бері АҚШ-та балалар арасында коронавирусқа шалдыққандар саны тез артқаны байқалды. Ауруханаларға коронавирус жұқтырып түскен балалардың саны маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін алты апта ішінде бес есе өсті делінген. 5-11 жас аралығындағы балалар ересектерге арналған дозаның үштен бір бөлігін құрайтын вакциналар алады деп хабарланған. Екінші доза бірінші дозаны алған сәттен бастап үш аптадан кейін енгізіледі.


Сондай-ақ иммунитеті әлсіз балаларға үшінші доза салынбайтыны атап өтілді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, елдегі 1,9 миллион балаға коронавирус диагнозы қойылған.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14