Ақылы жолдың бағасы қымбаттай ма?

Ақылы жолдың бағасы қымбаттай ма?
Сурет: Іnform.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді.    

1 категориялы жолдардың ақылы учаскелері бойынша жүру тарифтері өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Бірінші категориялы жаңа ақылы учаскелерде жүру үшін төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру жоспарлануда.

«Ақылы жолмен жүру тарифтері 2013 жылы бірінші ақылы учаске енгізілген кездегі деңгейде қалғанын айтып өту қажет: жеңіл автокөліктер үшін - 1 шақырымына 1 теңге, ауыр жүк көліктері үшін - 1 шақырымына жүк көтерімділігіне байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейін. Салыстырып қарасақ, көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Ал Еуропа елдеріндегі тарифтерге келетін болсақ, төлем жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары», - деп атап өтті вице-министр Берік Камалиев.