Алматы қаласында 2022 жылғы 19 қаңтардағы қар тазалау туралы ақпарат

Алматы қаласында 2022 жылғы 19 қаңтардағы қар тазалау туралы ақпарат

19 қаңтар күні сағат 16.15-тен бастап Алматы қаласында қар жауа бастады. Сағат 21.00-де қаланың жоғарғы бөлігінде 6-8 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қар жауа салысымен, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 1100 тонна пайдаланылды.

Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде, сондай-ақ негізгі магистралды көшелерде қар күреу жұмыстары жүргізіледі.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Түнгі уақытта 208 құмшашқыш техника және 338 жол жұмысшысы шығып, барлығы 535 бірлікті құрайды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидрометтің" болжамы бойынша аралас жауын-шашын 20 қаңтарда түске таман аяқталады деп күтілуде. Ауа температурасы бүгін түнде 0, -2 градус, 20 қаңтарда күндіз +1, +3 градус жылы болады.