Әуе көлігінің қызметін пайдаланатын 10 жолаушының 7-еуі алматылық

Әуе көлігінің қызметін пайдаланатын 10 жолаушының 7-еуі алматылық
Сурет: 365info.kz

Елдегі ең ірі әуежайда болған шабуылдың нәтижесінде келтірілген шығын 23 миллиард теңгеге жуықтаған.

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында әуе көлігімен тасымалданған 10 жолаушының 7-еуі Алматы қаласынан болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуе көлігі кәсіпорындарының толық емес 2021 жылғы 11 айдағы табысы күрделі «корона дағдарысын» кешірген 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда,  170,1 млрд теңгеден ұлғайып, 333,2 млрд теңгеге жетті. Кірістің 95 пайыздан астамы – 317,8 миллиард теңге – дәстүрлі түрде жолаушы тасымалдаудан, қалған 15,4 миллиард теңге – жүктер мен багажды тасымалдаудан түскен кірістер.

Жалпы, 2020 жылы әуе көлігі кәсіпорындарының кіріс көлемі 188,2 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы «корона дағдарысының» алдындағы уақытпен салыстырғанда 2 есеге аз. Бұл ретте 2020 жылғы шығын 67,5 миллиард теңгені құраса, 2019 жылы 33,4 миллиард теңге пайда болған.

2021 жылғы қаңтар-қараша айларында әуе көлігімен 8,6 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73,7%-ға артық.

Жалпы, 2020 жылы 5,5 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 36,4%-ға аз.

2021 жылғы қаңтар-қарашада 30,6 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашамен кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артық.

Жалпы, 2020 жылы 23,4 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз, ал жолаушылар тасымалымен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі де 2019 жылы бірден 39,5%-ға қысқарды.

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында әуе көлігімен тасымалданған 10 жолаушының 7-еуі Алматы қаласынан болды, бұл дегеніміз 6,1 млн адам. Одан кейінгі орында  Шымкент (1,9 млн адам) және Нұр-Сұлтан (529,2 мың адам) мегаполистері тұр.

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Алматы қаласының үлесіне де әуе көлігімен тасымалданған жүктердің, жалпы көлемінің 62,8%-ы тиесілі болды: бұл 19,2 мың тоннаны құрады. Одан кейінгі орында Шымкент (9 мың тонна) және Нұр-Сұлтан (2,4 мың тонна) келеді.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 5-6 қаңтарында Алматы халықаралық әуежайын басып алу және тонау нәтижесінде Алматы әкімдігінің алдын ала мәліметі бойынша, 2022 жылғы 14 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, оған 22,6 миллиард теңге залал келтірілген, ал қалаға келтірілген жалпы шығын шамамен 112 млрд теңгені құрады .

Сонымен қатар, Алматы әуежайы 2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап жұмысын жалғастырып, ішкі және халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен қалпына келтірді, бұл оның қаржылық көрсеткіштеріне де әсер ететіні сөзсіз.