Алматыда интернет-дүкенді тонағандар ұсталды

Алматыда интернет-дүкенді тонағандар ұсталды Сурет: Polisia.kz

Олар Гоголь көшесінде орналасқан интернет-дүкеннің есігін бұзып кіріп, ондағы заттарды көтергендерінше алып кеткен.


Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде үш жігіт интернет-дүкенді тонаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер Гоголь көшесінде орналасқан интернет-дүкеннің есігін бұзып кіріп, ондағы заттарды көтергендерінше алып кеткен. Полиция департаментінен мәлім еткендей, олардың ең үлкені 30 жаста. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. 23 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы мен 22 жастағы алматылық азамат алғаш рет қылмыс жасап отыр.



«Тінту кезінде екі ноутбук, үш бу тазалағыш, екі күртеше, спорттық костюм және басқа да тауарлар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті полицияда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37