Алматы әкімі алматылық марқұм әйелдің отбасымен кездесті

Алматы әкімі алматылық марқұм әйелдің отбасымен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Лаңкестердің оғынан алған жарақатынан 35 жастағы әйел көз жұмды.

Бақытжан Сағынтаев шын жүректен көңіл айтып, көп балалы отбасына тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

5 қаңтар күні кешке Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан, көшеге шығуға мәжбүр болған. Өйткені оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді.

Жанардың жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туылған төрт баласымен қалды.

Ерлі-зайыптылар балаларымен жалға алынған уақытша баспанада тұрды.

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Бүркітбаевпен кездесіп, оның зайыбының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ, оның тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету туралы өтінішін жеке бақылауына алды.