Алматының имамдары қан тапсыру акциясын өткізді

Алматының имамдары қан тапсыру акциясын өткізді
Сурет: El.kz

Қаланың бас имамы шаһар тұрғындарын осы бастаманы қолдауға шақырды.

Төлеби Оспан бастаған жамағат осылай қайырымдылық істер арқылы өз үлесімізді қоссақ дейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының имамдары игі істің қолдаушысы ретінде қан тапсыру акциясын өткізді.

Медициналық орталыққа арнайы келген Төлеби Оспан бастаған жамағат осылай қайырымдылық істер арқылы өз үлесімізді қоссақ дейді. Сондай-ақ қаланың бас имамы шаһар тұрғындарын осы бастаманы қолдауға шақырды.  

«Қан тапсыру шарасының шариғатқа қайшы еместігін, керісінше, сауап амалы екенін насихаттау мақсатында бүгін осы шараны өткізіп отырмыз. Әрине, кешегі жағдайдан кейін де қан орталығына қанға деген қажеттілік артқан болуы мүмкін. Біз, әрине, онымен тікелей байланыстырып отырған жоқпыз. Дегенмен тәртіпсіздік кезінде жарақат алып, бүгінде емделіп жатқандарды қолдауға үлес қоса алсақ, біз үшін үлкен қуаныш болмақ», – деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.