Қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады - Алматы онкологтары

Қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады - Алматы онкологтары
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2021 жылы Алматы қаласында қатерлі дертпен ауыратын 4482 науқас анықталды.

Алматыда қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітім айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жанна Қожаеваның айтуынша, 34,4% бастапқы кезеңде анықталған. Бұл, әрине, ауруды жеңуге және науқасты емдеуге мүмкіндік береді.

«Емдеудің ең тиімді әдістерін қолдану болашақта барынша қолайлы нәтижемен ем жүргізуге мүмкіндік береді»,- дейді маман.

Айта кету керек, химиотерапия қатерлі ісік ауруын емдеуде маңызды орын алады.

Қазіргі уақытта орталықтың арсеналында химиялық препараттардың 40-тан астам атауы, 30-дан астам таргеттік және гормондық препараттар бар.

Тек өткен жылдың өзінде орталықта 14696 пациент химиотерапиялық емдеуден өтті. 

TrueBeam STX  жоғары энергетикалық желілік үдеткіштегі радиологиялық бөлімшеде өткен кезеңде онкологиялық науқастарға 32000-нан астам сәулелік терапия сеансы өткізілді.

«Осы аппараттың көмегімен біз онкологияның кез келген түрі бар адамдар үшін анағұрлым дәл қарқынды және көлемді сәулелік терапия жүргіземіз. Бұл қондырғы адамға әсер етпестен зарядталған бөлшектердің шоғырын ісіктің өзіне тікелей бағыттауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді АОО бөлімінің меңгерушісі Евгений Ишкинин.

Онкологтар қазақстандықтарға қатерлі ісікті емдеуге болатынын ескертеді! Бірінші кезеңде анықталған ауру 90% емдеуге үлкен мүмкіндік береді.

«Өкінішке орай, халық елімізде жүргізілетін тегін скринингтен өтуді жиі елемейді. Сондықтан біз тағы да ескертеміз және профилактикалық тексерулерден уақтылы өтуге шақырамыз», - деп атап өтті бас дәрігердің орынбасары Әлия Төрешева.