Алматыдағы автоХҚО-лар жұмысына кірісті

Алматыдағы автоХҚО-лар  жұмысына кірісті
Сурет: Time.kz

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова айтты.

Бүгіннен бастап Алматының мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, автоХҚО-лардың жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі-жұма аралығында болады.

«Сонымен қатар, ХҚО-лардағы құжаттандыру секторлары мен миграциялық ХҚО бөлімі де қайта іске қосылды. Мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз», - деді Жаңыл Әпетова.

Ол автоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес берді. Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы, яғни әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.