Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?
Сурет: Dixinews.kz

Жауын-шашын болмайды.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы мен облысының 2022 жылғы 14 қаңтар күнгі ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Синоптиктер Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Күндізгі температура +5+7 °C. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с.

Ал облыс орталығы – Талдықорғанда ауа температурасы күндіз +4+6°С болады. Желдің жылдамдығы – 7-12 м/с.