Алматының тағы екі ауданы лаңкестерден тазартылды

Алматының тағы екі ауданы лаңкестерден тазартылды
Сурет: Rossaprimavera.ru

Заңсыз әрекетке қатысушы 2159 адам ұсталды.

Тазалау жұмыстары қаланың Жетісу және Наурызбай аудандарында жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Заңсыз әрекеттерге, талан-таражға және басқа да қылмыстарға қатысқан 2159 адам ұсталды. Олардан 67 атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.

Соңғы 24 сағат ішінде «102» пультіне 754 хабарлама түскен.

Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл түсті.