9 шілде күні Қазақстанда жаңбыр жауады

9 шілде күні Қазақстанда жаңбыр жауады
Сурет: France3-regions.francetvinfo.fr

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 9 шілде күні Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7, күндіз екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде + 24+26, күндіз + 36 + 38.

«Оңтүстік циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің қиыр солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл күтіледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.