9-шы территория басқару мен бағынудың негізгі борометрі

Жаһанды жайлаған пандемия күллі әлемді, соның ішінде біздің  елімізді де  бұрын  соңды  кездеспеген жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет қалдырды. Коронавирус  індеті белең алған аралықта ең бастысы, сергек әрі  жұмырылған  іс-қимыл таныту барлық күрделі мәселенің шешімі болатынын байқатты. Елімізде қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты мемлекет тарапынан халық мүддесін ескере отырып, дер кезінде көптеген әлеуметтік-экономикалық  іс-шаралар қабылданды.

Еліміз өзінің әлеуметтік мемлекет құру жолындағы ұзақ  мерзімді стратегиялық  бағыт-бағдарын  белгілеп,  оған  қарсы  нақты  шаралар  қабылдады.

Қазақстан  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шаралар қабылдап, Төтенше жағдай мен карантин кезінде табысынан айырылған түрлі әлеуметтік топтарға бағытталған жәрдемақыларға бюджеттен қомақты қаржы бөліп, нақты қолдау тетіктерін белгіледі.  Қабылданған  шаралар    әлемдегі қазіргі ахуалмен салыстырғанда оң   нәтижесін берді.

Жаһандық сынақ мемлекеттерді шыңдап келеді.  Еліміз   Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев   биылғы   халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында   күрделі кезеңнің қиындықтарын еңсере отырып, алдағы бағыт-бағдарларды анықтап, нақты келелі  міндеттер жүктеп отыр.

Қоғамды  басқарудың  негізгі  құралы – истеблишмент, яғни  билік. Билік – мемлекеттер мен  халықтарды  ұйымдастырудың  және басқарудың негізгі  құралы, басқару  мен  бағынудың  негізгі  борометрі. Қоғамның ішкі-сыртқы  мәселелерін  шешудің  құралы  да  билік. Жолдаудың жаңа іс- қимыл жоспарының мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісінен басталуы,  ең әуелі мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оны орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастау алғаны  да  сондықтан. Бұл ретте жаңа мемлекеттік құрылымдардың құрылуы жоспар- лау жүйесін, негіздеуден туған қадам  болғаны  айқын.

Мемлекет  үшін  ұсақ-түйек  деген  болмайды.   Демек,  эпидемияны ауыздықтау – оңай шаруа емес.  Бүгінде  әлемдегі жағдай күрделі сипат  алып  отыр.   Кейбір аймақтардағы ахуал ушыға түсуде. Бұл жағдай, әрине бізді  алаңдатады.  Сондықтан  ел ішінде  тұрақтылық болғанын қалаймыз.

Барлығымыз  әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат. Әсіресе, бұл қазіргідей алмағайып  кезеңде өте маңызды. Әлемді жайлаған пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті ша- раларды қабылдауда.   Алайда  қатерлі індетке бүкіл ел болып, қарсы  тұрсақ  қана өз  жемісін береді.         Пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру мақсатында мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда.  Алайда  бұл  аздық  етеді.    Аталған мәселеге қатысты алда тұрған міндеттерге  бүкіл ел болып жұмыла  кірісуімізді  талап  етеді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспар қолға  алынып  отыр.  Бұл  мақсатта  өңірлерде   индикаторлар жүйесі енгізілген. Жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылып,  олар  күндіз-түні  жұмыс істеуде.

Мемлекет басшысы  бұл  жолдағы   негізгі күш халықта екенін, сондықган індетке қарсы күресте ел болып бірлесе қимылдау   керектігін  қадап  тұрып  тапсырды.

Адамзат өркениеті соңғы екі мың жыл ішінде алуан түрлі асулардан өтіп, оның тарихында небір адырлы белестер мен сұрапыл соқпақтарды бастан өткізді. Бірақ, қаншалықты қиын болғанмен, ілгері басып, болашаққа деген үміті ешқашан сөнген емес.

Тәуелсіздігінің  30 жылдығын  қарсы  алғалы  отырған   Қазақстан сияқты жер көлемі, қазба байлығы жағынан алдыңғы  легінде  тұрған  елдің болашаққа деген үміті зор. Осы үміт отын маздатып, айқын мақсатты белгілеген   маңызды құжат Қазақстан Республикасының  Тұңғыш  Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың    «Қазақстан – 2030»Стратегиясы. Онда шыңға шапшыған барыстың кескіні бейнеленген. Ол тегін емес. Барыс ақ басты Алатаудың шыңын мекендеген қазақ жерінің қасиетті жануары. Өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін батылдығымен, айлалығымен дараланады.

Барыс ешкімге бірінші шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан бойын аулақ ұстайды. Тек өзінің еркіндігі мен  тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайды. Стратегиядағы ұзақ  мерзімді жеті басымдықты іске асыруда  айшықты  жетістіктерге  жеттік.   Оны  ұмытпауымыз  керек.  Олар: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс, кәсіби мемлекет.

Осы аталған ауқымды да күрделі міндеттер қатардағы еңбек адамдарынан бастап, жоғары лауазымды мемлекет билігінің басындағы адамдарға дейін зор жауапкершілік жүктеді.

Өткеннен сабақалып, бүгінін бастан өткізіп, болашаққа үміт артамыз. Бұл өркениет жолына түскен барлық елдерге тән құбылыс. Табиғат ерекшеліктері, әлеуметтік даму дәрежесімен байланысты әлемдегі елдердің деңгейі   әртүрлі сипатта дамып  келеді. Солардың ішіндегі өндірісі дамыған, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдаланудың арқасында көш ілгері басқандары басқа елдерге үлгі болып табылады.

Еліміз саяси тұрақтылық пен халықтар арасындағы ынтымақтастықтың арқасында елеулі жетістіктерге жетті. Алдымен, қауіпсіздігіміз нығайды. Мемлекеттік шекара айқындалып, көршілес Қытай, Ресей елдерімен келісім-шарт жасалды.   Қырғызстан,  Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесі екі жақты түсіністік жағдайында  оңды  шешім  тапты.

Қазақстанда   Орталық Азия өңірі үшін бұрын-соңды болып көрмеген қоғам дамуын демократияландыруға бағытталған саяси реформалар жүзеге асырылды. Қоғамның саяси тұрғыдан ырықтандырылуы әлеуметтік-экономикалық дамуда нақтылы табыстарға қол жеткен жағдайда ғана мүмкін болатындығы  айқын.  Бүгінде  Қазақстан тәжірибесі барлық елдер үшін үлгілік маңызға  ие.  Тұрақты дамуға  өркениеттердің сындарлы тіл қатысуы  болмайынша қол жеткізу мүмкін емес. Жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатқан Қазақстан   этносаралық және  конфессияаралық келісімнің жарқын үлгісі  болып отыр. Ішкі тұрақтылықты, қамтамасыз етуге бағытталған  сындарлы  саясат  ұстану біздің принциптік және түбегейлі бағытымыз  болып  отыр. Мұндай саясатты ұстанбайынша, тұрақты даму және экономикалық табыс жөнінде сөз етудің мәні жоқ.  Осы жетістіктеріміз болашаққа деген арман-үмітіміздің сенімді кепілі.

Өркендеу мен тұрақгы дамуды көздейтін кез келген мемлекет, ең алдымен, әділетті ұжымдық ықпалдастыққа басымдық беру керектігін ескертеді. Өз кезегінде бұл ықпалдастықтың, мемлекетті бірінші кезекте инфрақұрылымды қалыптастыруға, ғылым-білім мен технологияға басымдық беруге және адами капиталдың сапасын арттыруға көбірек инвестиция тартуға міндеттейтінін де ескертеді. Ал бұл басымдықтар мен талаптар дұрыс жолға қойылмайтын болса, ондай мемлекетте экономиканың жаппай алға басу динамикасы мүлде   алға  баспайтыны да   белгілі.

Мемлекет басшысы  алдағы тәуелсіздіктің 30 жылдығы саяси және экономикалық реформалар, цифрландыру, адам құқықтарынқорғау, денсаулық сақтау және білімберуді дамыту, экологияны қорғау аясында өтуі керек екенін   баса  айтты. Бұл реттетәуелсіздіктің 30 жылдығы – тәуелсіздіктің мәні мен құндылығын сезінуге зор  мүмкіңдік беретінін атап өтті.

«Қазақстан – 2050» стратегиясында осындай халықтық жәнемемлекеттік құндылықтарды ұштастырып шешу міндеттері күн  тәртібіне қойылып отыр. Әлемдік индустриялық революция көшіненқалмау мақсатында «100 нақтықадам» Ұлт жоспары бекітілген. Олқадамдарды өз мерзімінде орындауҚазақстанды жаһандық бәсекегеқабілеттілікке   жеткізеді. Ел билігі дұрыс саясат таңдап отыр. Осыхалықтық саясатты іске асырсақ,Қазақстан шын мәніндегі   басты  мұрат  еткен  МәңгілікЕлге айналады.

Еліміздің сыртқы   әлемдегі абырой-атағы  мен халықаралық беделі жүзеге асырылып жатқан ірі бастамалар мен кең ауқымды  іс- шаралардан көрініс тауып, өзінің тиісті бағасын алып отыр.

Қазір заманның,  бүгінгі халықаралық қоғамдастықтың беталысына, ашық ақпараттық кеңістіктің үстемдігіне, кез келген елдің ішкі саяси-экономикалық   жағдайы мен халқының көңіл күйінің ауанын басқа күштердің  дөп  басып білуге ұмтылысының көптігіне қарап отырып, біз үшін ең дұрыс жол «үндемей жүріп-ақ үлкен істер тындыру» қағидасын ұстануын  қуана  құптаймыз.

Халықаралық саяси шаралар еліміздің әлемдегі бейбітшіл бейнесін, тегеурінді тұлғасын, ымырашыл  имиджін беріктендіре  түсетіні  анық.  Кез келген ірі мемлекеттің сыртқы саясаты ішкі  саясатыныңжалғасы деуге болады.    Еліміздегі ұлтаралықкелісім ұраны, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері сыртқы халықаралық мақсаттармен қатар, ішкі саяси мүдделерді де көздейді. Осындай бастамалар елдің сырттағы, халықаралық сахнадағы түсіністік пен өзара сыйластық идеяларын қолдайтынын айшықтайды. Мәселен, «өркениеттер қақтығысы» сынды идео- логемалар ұсынылып жатқан тұста еліміз табанды түрде «өркениеттер үнқатысуы» идеясын  қолдап  шықты.

Осы орайда Қазақстанның әлемдегі  шынайы миссиясы қандай деген маңызды концептуалды сұраққа жауап іздеп,   оған  сындарлы  үнқатуы  дұрыс  байлам  болды.

Еліміз өркениеттер диалогы, араағайындық миссиясы идеяларына қолдау көрсетумен бірге Батыстың терроризмге қарсы бағытталған жаһандық науқаны кезіңде әлемдегі экстремистік әрекеттерді терістен, онымен күресу қажеттілігін ашық мәлімдеп келеді.

Прагматикалық мақсаты бар еліміз шын мәнінде, халықаралық қоғам- дастықтың толыққанды, жауапкер ойыншысы болуды көздесе, жалпы тұжырымдамалармен қатар, қазақстандық қоғамның сыртқы әлеммен органикалық, табиғи байланыстарын негізге алатын концептуалдық әдістемелер мен ұғымдарды жетілдіру қажеттігі  сұралуда.

Қазақстан өркениетаралық үңқатысу мен мәдениетаралық пікір алмасуларды қолдай отырып, әлемнің тұрақтылығына үлес қосуға үлкен күш жұмсап келеді. Мұндай көпвекторлы   саясат әлемді шарпыған әлеуметтік және геосаяси теңсіздік мәселелерінен елімізді сақтап  келеді.

Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты орнатуға бағытталған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда қордаланған күрделі мәселелер көтерілетін бірегей алаңға айналып  отыр. Мемлекеттік басқару  реформасы     әлеуметтік   және  экологиялық  мәселелерді  шешу, балалардың құқығын    қорғау, ерекше мұқтаждығы  бар адамдарды қолдау және қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерді  қамтиды. Мемлекет басшысы  Ұлттық кеңестің билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға  айналғанын  және оның мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың  жүзеге асуына күш салып келе жатқанын атап өтті.Ұлттықжобалардың жүзеге асырылуын, реформаларды жобалық басқару қағидаттарының енгізілуін қамтамасыз ету маңызды  болмақ.

Мемлекетте, қоғамда түйткілді мәселелер көп. Әрине, олар туралы ашына айтып, оның оңтайлы шешілуіне  байыпты  мүдделілік таныту қажет.  Алайда  проблемалардың барлығының болмаса да, олардың кейбіреулерінің еңсерілуіне өзіміздің азаматтық   үлесімізді қосуымыз  қажет. Қоғамда  бар  проблемаларды  мемлекеттің  мойнына  артып  қойғанымыз да  жараспас  қылық оны  бірлесе  шешуіміз  керек.

Қазір ақырып тұрып теңдік сұрар заман емес, ақырын жүріп, анық басу  заманы. Әлдінің әлсізді қыспаққа алған, тең күштердің текетіресі үдеген қазіргі таңда үндемей жүрш-ақ үлкен істер тыңдыратын  кезең.Бұл кезең біз үшін қашан аяқталатыны   белгісіз.Сондықтан осы қағидаға сай  бой  түзегеніміз  абзал. Сонда ғана жеңіс өздігінен  келмек.

Қазіргі қоғамда әлем мемлекеттері саяси жүйелерінің жаһандану үрдісінің ықпалына ұшырағаны байқалуда. Халықтардың неғұрлым әділетті, тиімді, халыққа жақын саяси жүйені жасауға ұмтылуы әлемдік аренадағы демократиялану үрдісін өмірге әкеледі. Демократия  – әлем халықтарының әділетті билік жасаудағы ортақ, озықтәжірибелерінің жиынтық  базасы. Сая- саттағы ізгілікті, гуманитарлық ойдың озық жетістіктері адамның бостандықтары мен құқықтарын қорғаудың, оның өмірін қалыпты етудің жолдарын демократия құндылықтарынан тапты.

Адамзаттың гуманитарлық ойы  демократиядан басқа дұрыс, әділетті қоғам құру жолын таба алған жоқ. Белгілі кемшіліктеріне қарамастан, демократиялық қоғам құру саясатынан озық ештеңе жоқ. Демократияны таңдаған мемлекеттер ғана дамудың   жарқын  жолына сенімді түрде түсе алады. Бірақ, демократия жасанды, көзбояу үшін  болмауы тиіс. Шын мәніндегі демократия әлемдік саяси ой мен тәжірибеде әбден сыналған әмбебап принциптерге негізделеді. Олар: биліктің халық алдында есепті, жауапты болуы, негізгі билік тармақтарын халықтың басым көпшілігінің дауыс беруімен сайлануы, сайлау нәтижелерінің әділ болуы, оны бұр-  малауға жол бермеу, билік тармақтарының бөлінуі, бірін-бірі қатаң бақылауы, Конституция мен заңдардың толыққанды орыңдалуы  болмақ.

Құқықтық мемлекеттің тетігі – сауатты заң мен күшті мемлекет.Жалпы, қылмыстық ахуал – мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласына теріс әсер етеді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге кедергі келтіреді. Еліміздің халықаралық беделіне де нұқсанын тигізеді. Азаматтардың құқық қорғау органдарына қоятын ең басты талабы – өзінің және отбасының қауіпсіздігі және жеке мүлкінің қорғалуы. Әділетті мемлекет құру жолындағы қадамдарға құқық қорғау органдарымен бірге қоғам да жұмылдырылуы қажет.

Мемлекеттік аппаратты жаңа сапалы деңгейге көтеру мәселесі – ең  жауапты сала. Ол нақты нәтижелерге қол  жеткізу үшін өзіне жауапкершілік алатын, қандай да бір шешім қабылдағанда мейлінше икемді әрі құзыретті болуы тиіс. Бұлжердекөп нәрсезаманауицифрлытехнологиялардыенгізуге бай- ланысты.

Демократия – тек еркіндік емес, халықтың билік басындағылардан есеп ала алуы, тексеруге еркі болуы. Егер халық биліктің қалай жұмыс істейтінін тексере алса, демократиялық мемлекетте өмір сүргенін көрсетеді. Демек, халық пен билік арасында келісім мен ашықтық болуы керек.

Демократияның негізі – биліктің дұрыс жүргізілуі. Жалпы, демократияның турі көп.  Алайда  кайсысы болсын, ең алдымен, жауапкершілікті сезіну  керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрудың алғашқы қадамы да осыдан  тұрады. Бұл да  аздық  етеді.

Бүгінде  сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша  сипат алып  отыр. Парасаттылыққа негізделген қоғамды құруда сыбайлас жемқорлыққа қар- сы білім алуды мектеп қабырғасынан бастауға баса назар аударылып келеді.

Жалпыреспубликалық«Адалдықсағаты» акциясыбастауалған. Коронавирус инфекциясыныңтаралуынақарамастан, білімалушылардыадалдық пен әділдіксындықасиеттергеүндейтін дәрістерөзмаңыздылығынжоғалтпай  келеді.  Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу ғана емес, оларды қорғауды қамтамасыз ету де маңызды. Бұл  енді  қолға  алынып  отырған  шаралар.  Алайда  бұдан да маңызды отбасылық   тәрбие  туралы  бір  мысалды  айта  кетсек  дейміз.  Ол әділдік   сабағын  дәріптейді.    Шәкәрім  баласы   Ахат ақсақалдың  кезінде  әкесінен естіп жазып алған атасы Құнанбайдың: «Абырой,  атақ алу үшін – ең алдымен адалдық керек, ешкімді ала көрмей, адалына болысу, кемтарға жәрдемдесу керек дегенді ертеден ойыма бекіттім… Өзіме елді қаратып, ел басшысы болғаннан кейін, қате кетпесе, біле тұра қиянат жасап, арамды қолдаған, момын, жетім-жесірді жылатқан жерім болған жоқ. Мен адалдыққа, көпке сүйендім. Олар мені қиыннан құтқарды. Мені ел, адал, әділ деген атаққа бөледі. Менің көргенімдей жағдайға ұшырасаң, ақты жақта, жетім-жесірге, жылағанға болыс, жәрдем ет!» деген өсиетін келтіреді.  Бұл өсиет  Құнанбай  бабамыздың  барша  қазақ  баласына  қалдырған  аманаты  десек те  болады.

Қазаққоғамы институзиациясының дәнекері – адалдық. Неміс ойшылы Фридрих Шиллер айтқандай: «Адалдық – өмірден де қымбат» немесе Абай атамыздың, «алдау қоспай, адал еңбегін сатып, күн көрген адам – қазақтың әулиесі болмақ» -деген пайымы қандай керемет.

2020 жылдың  мамыр және шілде айларында әділдікті  ту   еткен «Адалдық сағаты»–         «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» және «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыптары бойынша жалпыреспубликалық деңгейде ұйымдастырылып, бейне-дәрістер республикалық өңірлік телеарналарда көрсетілді. Оларды әлеуметтік желілерде орналастыру мектеп оқушылары және студенттермен тиімді кері байланыс орнатуға және олардың қоғам өмірінде жиі кездесетін әлеуметтік індетке қарсы тұруда белсенділік танытуларына айрықша серпін берді.  Бұл – бүгінгі  күннің ұраны  болып  отыр.

Бақыт  ОЙСАЕВ,

Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *