Тоғыз полиция департаментіне жаңа орынбасар тағайындалды

Тоғыз полиция департаментіне жаңа орынбасар тағайындалды
Сурет: Polisia.kz

Оның ішінде Алматы қалалық ПД де бар.

Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының полиция департаменттерінде және Орал қаласының полиция басқармасында бастықтардың жаңа орынбасарлары мен бөлімше бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен тоғыз полиция департаментінде бастықтың жаңа орынбасарлары тағайындалды.

Тағайындалғандар:

– Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді (Атырау облысы ПД-да қызмет атқарған);

– Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);

–  Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);

– Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов (бұған дейін осы бөліністің аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарған)

– Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев (Түркістан облысы ПД-дан келген);

– Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұрғали Қасенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қаласы полиция басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов (Алматы қаласы ПД-да қызмет арқарған);

– Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызы;

– Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев (Шымкент қаласы ПД-да қызмет еткен).