9 150 398 адам екпе салдырды

9 150 398 адам екпе салдырды
Сурет: Gov.kz

Ал Pfizer вакцинасын  алғандар саны 789 990 адамға жетті.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналының мәліметі бойынша, 2022 жылғы 28 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 451 240 адам, 2-ші компонентін 9 150 398 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша ақпарат.

2022 жылғы 28 наурыздағы Pfizer вакцинасының  I дозасын 937 898 адам, ІІ дозасын 789 990 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентімен 776 727 жасөспірім, 35 424 жүкті әйел, 124 812 бала емізетін әйел егілген. Ал ІІ компонентін 659 071 жасөспірім, 29116 жүкті әйел, 101 447 бала емізетін әйел салдырған.