87 мың студентке жатақханадан орын керек

87 мың студентке жатақханадан орын керек
Сурет: Shakarim.edu.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Жыл соңына дейін 3808  орынды қамтитын 12 жатақхана ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазіргі таңда жатақхана мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлі де 87 мыңдай орынға қажеттілік бар. Жылдың соңына дейін 3 мың 808  орынды қамтитын 12 жатақханаларды енгізуді де жоспарлап отырмыз. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдірілетін болады. Құрылыс материалдары нарығындағы бағалардың тұрақсыздығын ескере отырып, студенттерді жатақханадан орынмен қамтамасыз етуге берілген мемлекеттік тапсырыстың мөлшері мен төлем мерзімі де қайта қаралады», - деді Саясат Нұрбек.