86 учаскеде дауыс беру бір сағат бұрын басталады

86 учаскеде дауыс беру бір сағат бұрын басталады
Сурет: 24.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай деп мәлімдеді.

Облыстарда, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында 86 сайлау учаскелері таңғы сағат 6:00-де ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі кезде республика бойынша барлық сайлау учаскесі дайын. Ал үш қаланың аумақтық комиссиялары сайлауды бір сағат бұрын бастауға шешім қабылдады.

«Облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған жедел мәліметтер бойынша, тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 86 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:00-де басталады», - деді Әбдіров комиссияның бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қала құраушы кәсіпорындардың ауысымдық жұмыс кестесі де ескеріледі.

Айта кетері, бүгін сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні болып саналады. Ертең - тыныштық күні. Ал 20 қарашада президенттік сайлау басталады.