85 млн теңге жымқырыпты

85 млн теңге жымқырыпты
сурет:arnapress.kz

85 млн теңге жымқырған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды

Украинадан қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Бас прокуратураға сілтем жасап хабарайды.

«Украина Бас прокурорының офисі қаржы пирамидасын ұйымдастырған және басқарған «К» есімді Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы өтінішімізді қанағаттандырды. Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, ұсталған азаматқа халықаралық іздеу жарияланған.

Ағымдағы жылдың қаңтарында күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.