844 мыңнан астам алматылық екпе алды

844 мыңнан астам алматылық екпе алды
Сурет: Mgppu.ru

Екпенің екінші компонентін алғандардың саны 700 мыңға жетіп қалды.

Вакцина алған қазақстандықтар саны артып келеді. Қазақстан азаматтарының 6 миллион 413 мыңнан астамы екпенің алғашқы компонентін алған, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, 6 413 010 адам вакцинаның алғашқы компонентін алған, ал 5 070 640 адам екпенің екінші компонентін салдырған.