82 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр - министрлік

82 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр - министрлік
Cурет: Baq.kz

278 адамның жағдайы ауыр

19 ақпандағы мәлімет бойынша, 37 116 адам коронавирус инфекциясынан (–35 966 + және 1 150 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 4 926 пациент стационарда, 32 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 278 адамның жағдайы ауыр,
• 116 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 82 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.