800-ден астам бейнекамера қылмысты жасыру үшін қиратылды - Берік Асылов

800-ден астам бейнекамера қылмысты жасыру үшін қиратылды - Берік Асылов
Сурет: Inform.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздікке қатысқандар Алматыда және басқа да ірі қалаларда қылмысты жасыру үшін 800-ден астам бейнекамераны қиратты.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

«Алматыда және басқа да ірі қалаларда қылмысты жасыру үшін 800-ден астам бейнекамераны қиратқан. Басып алынған қаруды, азық-түлікті және ауыз суды, жеткізу ұйымдастырылған. Такси, жүк көліктері мен автобустардың жүргізушілерін көшені жауып тастауға мәжбүрледі. Сонымен қатар бейбіт азаматтарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланған», - деді Берік Асылов.