8 наурыз бен Наурыз мерекесін алматылықтар тойлай ала ма?

8 наурыз бен Наурыз мерекесін алматылықтар тойлай ала ма?
Сурет: Otyrar.KZ

Бұған қаланың бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабұлов жауап берді.

Корпоративтік кештер, басқа да бұқаралық іс-шаралар тек Ashyq нысандарында өткізілуі тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматылықтар 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын тойлай ала ма ма?

«Өткен аптадан бері Алматы қаласының кәсіпкерлерінен, түрлі ұйымдардан алдағы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын қалай тойлайтынымыз туралы сауалдар келіп түсіп жатыр. 18 ақпанда еліміздің бас санитар дәрігері кезекті карантин ережелері мен шектеулерді белгіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, конференциялар мен форумдар, сондай-ақ салтанатты кештер мен еске алу кештерін өткізуге болады», - деді Сәдуақас Байғабұлов.

Корпоративтік кештер, басқа да бұқаралық іс-шаралар тек Ashyq нысандарында өткізілуі тиіс.

«Алматы қаласы «қызыл» аймақта болғандықтан, келушілер саны 70 пайыздан аспағаны абзал. Алда коронавирустың жаңа жағдайлары азайып, қала «сары» немесе «жасыл» аймаққа ауысса, онда ешқандай шектеулер болмайды», - деп түсіндірді ол.