Сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

29 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.