77 адам коронавирус инфекциясына шалдықты

77 адам коронавирус инфекциясына шалдықты
сурет: ашық дереккөзден алынды

Төрт адам пневмонияға шалдыққан.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

18 наурыздағы мәлімет бойынша, 77 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Төрт адам пневмонияға шалдықты.

Бүгінгі күні 1 778 адам коронавирус инфекциясынан (–1 605+ және 173 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.