75 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

75 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Сурет: Zhaikpress.kz

 Жыл соңына дейін жалпы көлемі 109 мың гектардан астам жер қайтарылуы керек.

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақсатты пайдаланбаған 75 мың гектар жерді қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Нақтырақ айтсақ, Қостанай обылысында 1 мың гектар, Екібастұз қаласында 15,3 гектар, Жамбыл облысында 60 мың, ал, Алматы облысында 16 мың гектар заңсыз иемденіп келген жер мемлекет меншігіне өтті.