70%-дан астам респондент президенттік сайлауға қатысуға дайын

70%-дан астам респондент президенттік сайлауға қатысуға дайын Сурет: Ult.kz

Зерттеуде телефон арқылы сауалнама әдісі қолданылды.


«Қоғамдық пікір» зерттеу институты ағымдағы жылдың 4-6 қараша аралығында социологиялық сауалнама жүргізген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өлшемге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашадағы президенттік сайлауға ықтимал сайлаушылардың қатысу деңгейі 71,6 пайызды құрады. Бұл дауыс беруге бел буғандардың жалпы үлесі (55,4%) және дауыс беруі әбден мүмкін дегендер (16,2%). Сауалнама жүргізу кезінде нақты жауап бере алмаған респонденттердің үлесі 18,3% құрады, олар өздерінің қатысу ықтималдығын «50/50» деп бағалаған. 6,1 пайызы дауыс беруге ниетті емес. Шешімсіз – респонденттер 4% құраған.


Жалпы респонденттердің 84,4%-ы 2022 жылғы қарашада өтетін президенттік сайлау әділ өтеді деп сенеді. Әрбір оныншы (11%) қарсы пікірді ұстанады: сенбейтіндер – 6,2%, мүлде сенбейді – 4,8%. 4,6% жауап беруге қиналған.


Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Зерттеуде телефон арқылы сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнама ОСК-ның 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ОСК-08-18/1179 хабарламасына сәйкес ОСК-ның ресми рұқсатымен жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04