7 қыркүйекке арналған ауа райы

7 қыркүйекке арналған ауа райы
smartik.ru

"Қазгидромет" 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР-ның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.