7 шілде күні ауа райы қандай болады?

7 шілде күні ауа райы қандай болады?
Сурет: Andra-mo.ru

Солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі.

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Ал Қызылорда облысының басым бөлігінде аптап ыстық сакталады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық әлі де жалғасады. Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.