7 маусымға арналған ауа райы болжамы

7 маусымға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы тауларында найзағай ойнауы мүмкін 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала қонақтары мен тұрғындарын ертең тауға бармауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«7 маусымда Алматы тауларында найзағай ойнауы мүмкін. Сонымен қатар оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады. Сондықтан тауға бармауды және 112 ескерту дабылдарын, БАҚ, теледидар, радио хабарламаларын қадағалауды сұраймыз»,- делінеді ТЖД хабарламасында. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында жайлы метеорологиялық жағдай сақталып, тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларында күн райы бұзылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.