7 айда 90 бала жол апатынан көз жұмды

7 айда 90 бала жол апатынан көз жұмды
standard.kz

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Балалардың жолаушы ғана емес, жаяу жүргінші екенін де ескеру қажет. Бұл ретте жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның «қызыл» түсіне өту, жақындап қалған көліктің алдынан кесіп өту сияқты әрекеттер. Мысалы, кәмелетке толмағандардың кінәсінен биылғы 7 айда 60-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 бала қаза болды, 70 жасөспірім түрлі жарақат алған», - деді Комитет басшысының орынбасары ІІМ ақпарат алаңында.


Оның айтуынша, жыл басынан бері республика жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1 621 жол-көлік оқиғасы тіркелген (+33%). Салдарынан 90 жасөспірім қаза болып (+18%), 1 860 бала жарақат алған (+37%).


«Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, жол-көлік оқиғасының саны 15%, қаза болғандардың саны 18% және жарақат алғандардың саны 16% өсті. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі –жолаушылар. Демек, көп жағдайда ересектер балаларды көлікпен алып жүрудің ережесін жиі бұзады – балаларды арнайы ұстау құралынсыз немесе белдікті бекітпей тасымалдаған», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.