7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

7 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған болжам бойынша, республикамыздың басым бөлігі әлі де антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады.

Тұрақсыз ауа райы сақталады: республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ, түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай болжанды.