Бір тәулікте 7 307 алматылық екпе салдырды

Бір тәулікте 7 307 алматылық екпе салдырды
Сурет: Gov.kz

1 ақпан мен 22 маусым аралығында 393 529 қала тұрғыны вакцина алған.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қалада бір тәулікте 7 307 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Вакцина алғандар ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер - 53 623. Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. Медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді. Қала бойынша бірінші компоненттің 65 021 дозасы және екінші компоненттің 95 682 дозасы бар», - деп хабарлады басқармасының баспасөз қызметі.