600 бала Қазақстанның жеті аймағын пойызбен аралайды

600 бала Қазақстанның жеті аймағын пойызбен аралайды Сурет: Baribar.kz

Оған 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады.


Қазақстанның 7 туристік аймағын аралайтын «Туған елге саяхат» балалар патриоттық-танымдық пойызына 600 бала жолдама алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның ішінде 300 қатысушы «Өз өңірімді өркендеткім келеді» деген тақырыпта эссе жазу арқылы анықталады.



Оған 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Олар аталған тақырыптағы туындысын [email protected] электронды поштасына 10 маусымға дейін жолдауы қажет.



Шығармалар қазақ немесе орыс тілінде қабылданады. Бір бала бір шығарма ғана жолдауға тиіс.


Жол үстіндегі жазғы демалысқа жолдама алатын балаларды қазылар алқасы анықтайды.


Ал 300 жолдама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларына беріледі.


Туған елге саяхат 3 кезеңнен тұрады:


Алғашқы кезеңде маусым айының 20-сы күні Астанадан шыққан пойыз Байқоңыр, Түркістан, Алматы және Бурабайға барып, 28 маусымда елордаға қайтып келеді.


Екінші кезең 2-11 шілде аралығында Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана бағытын қамтиды.


Ал үшінші кезеңнің қатысушылары 19-30 шілде аралығында Астанадан Алматыға, содан соң Түркістан мен Байқоңырға барып, Ақтау арқылы Астанаға оралады.



Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және «Әлеуметтік жобалар қорының» қатысуымен жүзеге асып жатыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46