6- 13 МАМЫРҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

Тоқты
Тоқты белгісінде туғандар аптаның алғашқы күндері не жұмысқа, не отбасына көңіл бөлуі керек. Екі жақты қатар алып, жетістікке жетуі мүмкін емес. Сонымен қатар, жұлдыздар бар жауапкершілікті өз мойныңызға алуданқорқпауға кеңес берді. Кез келген мәселеге қатысты өз бетіңізбен шешім қабылдағаныңыз жөн.

Торпақ
Бұл күндерді жеке өміріңізге назар аударғаныңыз абзал. Сіз күткен үлкен махаббат жаныңызда жүруі әбден мүмкін. Әріптестеріңіздің бірімен ортақ тіл табысып, болашақта отбасын құруыңыз ықтимал. Бұл уақытта ұйымдастырылатын барлық басқосулардан қалмағаныңыз жөн. Торпақтар бұл айда денсаулығына аса мән бергені жөн. Өйткені иммунитеттің төмендеуі, тұмау мен тыныс жолдарының ауруы туындауы мүмкін.

Егіздер
Айдың алғашқы күнінен-ақ айналаңыздағы жандар (туысқан, әріптес, достар) сізге жол көрсетіп, «қалай дұрыс өмір сүру» керегін үйретіп, шамыңызға тиеді. Еркіндікті жақсы көретін егіздер өздерінің жеке кеңістігіне біреудің қол сұққанын жек көреді. Сондықтан түсініспеушіліктер болады. Бойдақ егіздер айдың басында екінші жартысын кездестіруі мүмкін. Әсіресе, жұмыс бабымен іссапарға не саяхатқа аттанатындардың мүмкіндігі жоғары.

Шаян
Жұлдыздар шаяндарға орынсыз сөйлеуден және артық шығыннан алшақ болуға кеңес береді. Егер көптен бері имиджіңізді өзгерту ойыңызда жүрген болса, оны іске асыратын уақыт келді.Әрі бұл күндерде сізге жоғары жалақылы жұмысқа ұсыныстар түседі. Бірақ, бірден келіспегеніңіз абзал. Ойланып, жан-жақты зерттеп қана іске кірісіңіз. Әйтпесе, кейін бармақ тістеп қалуыңыз ықтимал.

Арыстан
Сіз ойламаған жерден табысқа ие боласыз. Ұтыс, жеңіске ие болуыңыз әбден мүмкін. Сонымен қатар, бұл уақыт аралығы романтикалық қарым-қатынастар үшін сәтті кезең. Үй болуды ниет етіп жүргендер шаңырақ көтереді.

Бикеш
Алғашқы аптадан бастап жұмысыңызда жауапкершілік артады. Бірақ, істің өнімді болуы өзіңізге тікелей байланысты. Өзіңізге сенімді болсаңыз, өз ойыңызды ашық жеткізіп қана қоймай, оны дәлелдей аласыз. Нәтижесінде жалақыңыз артуы немесе үстемақы алуыңыз мүмкін. Ал, өзіңізге сенімсіз болсаңыз, айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Таразы
Мерекелік көңіл-күймен аптаның қалай аяқталғанын байқамай да қаласыз. Бұл уақытты жұмысты ығыстырып, балаларыңызға, жарыңызға уақыт бөліңіз. Әлі отбасын құрмасаңыз өзіңізге арнаңыз. Бастысы, басқосуларда ішімдік пен майлы тағамдардан алшақ болыңыз.

Сарышаян
Мамыр айында ешқайда асығудың қажеті жоқ. Сабырлы болсаңыз, барлық іс оңынан шешімін табады. Бұл айда жағдайы жақсы туысқандарыңыздан қаржылай көмек сұрамаңыз. Арты үлкен жанжалға ұласады. Бастығыңыз, әріптестеріңіз бен серіктестеріңіздің алдында беделіңіз көтеріле түседі.

Мерген
Сіздің кез келген өзгеріске тез бейімделетін қасиетіңіз сізді табысқа жетелейді. Бұл күндері бастығыңыздан мақтау естисіз. Егер қолыңыз бос болса, далада жиі серуендеңіз. Мүмкіндігіңіз болса саяхатқа аттансаңыз артық етпейді. Сонымен қатар қаржы мәселелері туындайды, бірақ туыстарыңыз бен достарыңыздың арқасында барлығы оңай шешіледі.

Тауешкі
Бұл айда сіз айналаңыздағы араласпайтын адамдармен қош айтысасыз. Болашағы жоқ кәсіпте жүргендер жұмысын тастаса, ажырасуды ойлап жүргендер бұл қадамға барады. Өмірдің жаңа парағын ашуға шешім қабылдайсыз.

Суқұйғыш

Осы уақытқа дейін кейінге шегеріп келген жұмыстарды қолға алатын уақыт келді. Айналаңыздағылар сізден тек нәтижесені ғана емес, жылдамдық пен сапаны талап ететін болады. Ашуға бой алдырып, артық сөйлеп қалуыңыз мүмкін. Бұндай жағдайда әріптестеріңізбен арада кикілжің туады.

Балық
Артық қыламын деп, тыртық қылып жүрмеңіз. Айдың басында қымбат нәрсеге шығындалып, кейін ай аяғында қаражатсыз қалуыңыз ғажап емес.
Бос уақытыңызда жақындарыңыздың жанында болғаныңыз жөн. Жұмыстағы күйзеліс денсаулығыңызға кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан, бір уақыт психологтың көмегіне сүйенуге кеңес береміз.

Әзірлеген Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *