58 келіден астам марихуананы тәркіледі

58 келіден астам марихуананы тәркіледі Сурет: ашық дереккөз

«Қарасора 2023» жедел алдын-алу шарасы шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақ аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстау бойынша операция жүргізді,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады.   Есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Сонымен қатар өзгелерге тарату үшін шағын көлемде орама жасап отырған.  



- Қылмыстық топ қатысушылары 22 жастан 54 жасқа дейін.  Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде 5 күдікті уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты  ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.  ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04