57 көшеге 41 шақырым арық жүйесін салу жоспарланып отыр

57 көшеге 41 шақырым арық жүйесін салу жоспарланып отыр
Сурет: Казинформ

Маусым айындағы кездесуде аудан тұрғындары жаңбыр жауған кезде су басу мәселесін көтерген болатын.

Бұл мәселені шешу үшін биыл ұзындығы 3,8 шақырым болатын тұрақты су басатын 11 учаскеге арық салу және реконструкциялау жобалары іске асырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сондай-ақ, Алматы-1 коллекторын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ол Р. Зорге көшесіндегі жаңбыр суын ағызуды қамтамасыз етеді. Аталған жұмыстар осы жылдың қараша айында аяқталады. 2023 жылдың соңына дейін біз 57 көшеге тағы 41 шақырым арық жүйесін салуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, су басуы ықтимал жерлердің мәселесі толық шешілетін болады», - деді Алматының әкімі бүгінгі Түрксіб ауданында өткен кездесуде.