569 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

569 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды
Сурет: 24.kz

«Болашақ» халықаралық шәкіртақысы иегерлерінің тізімі жарияланды.

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде шәкіртақы  569 қазақстандыққа тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 163 адам магистратураға, 4 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті. «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша 37 стипендиат білім алады. Тағы 365 ғалым шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері академиялық оқудан және әлемнің 27 елінің жетекші университеттері мен ғылыми және салалалық орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

220 адам АҚШ, 136 – Ұлыбритания, 57 – Ресей Федерациясы 13 – Австралия, 14 – Германия, 3 – Жапония т. б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алады.