53 жанұя баспаналы болды

53 жанұя баспаналы болды
Суреттер: Google.com

Жыл соңында қуаныш еселене түсті

Аталған пәтерлер мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған отбасылар, жүргізуші, қарапайым жұмысшыларға табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Нұрқазған» кенішінде жүргізуші болып еңбек ететін Нартай Инеятов қаланың қақ ортасынан ойып тұрып пәтер алғанына әлі де сенер емес. Бірнеше жыл бойы Теміртау қаласында 4 баласымен үй жалдап, қиналып келген. Оның үстіне үлкен ұлы қант диабетімен ауыратындықтан дәрігерге қаралу үшін Қарағандыға жиі қатынайды екен. Енді ол бейнеттен құтылды, емхана жанында. Төрт бөлмелі баспананың іші жиһазбен, тұрмыстық техникамен түгел жабдықталған. Жанұя жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады.

«Әрине, бұлай болады деп күткен жоқпыз. Тамаша, барлық жағдайымен. Өте әдемі. Жақсы. Кең. Төрт бөлме өте қатты ұнады. Балалардың көңілінен өте қатты қуаныш көрдім. Жүгіріп, қуанып жүр», - деді Қарағанды қаласының тұрғыны Нартай Инеятов.

Бұл күні бірден 53 отбасы қуанышқа кенелді. Баспанаға мұқтаж, әрі мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған жанұяларға пәтер кілттерін компания басшылары салтанатты жағдайда табыстады. Қоныстой иелері Қарағанды, Балқаш және Жезқазған қалаларындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты өндіріс ошақтарында еңбек етеді.