№503 сайлау учаскесіндегі жағдайға қатысты түсініктеме

№503 сайлау учаскесіндегі жағдайға қатысты түсініктеме
Суретті түсірген - Самат

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың №503 сайлау учаскесіндегі кандидаттың байқаушысы мен сенімді адамы арасындағы жанжалды жағдайға қатысты түсініктемесі:

"Кейбір БАҚ-та №503 сайлау учаскесінде комиссия мүшесі бақылаушылармен жанжалдасқан деген ақпарат пайда болды. Шын мәнінде, №503 сайлау учаскесіндегі кикілжің кандидаттардың бірінің байқаушысы мен сенімді адамы арасында дауыстарды санайтын кезде шыққан. Комиссия төрағасы екі тараптан да азаматтардың дауыс беру үдерісіне кедергі келтірмеу үшін мәселені сайлау учаскесінен басқа жерде шешуді сұрады. Соның нәтижесінде учаскелік сайлау комиссиясы жанжалдасқан сенімді тұлғаларды, бақылаушыларды тіркеуден шығару туралы тиісті шешім қабылдады. Тиісті хаттама бар".