50 пайыздан астам халық дауыс берді

50 пайыздан астам халық дауыс берді
aikyn.kz

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, 7.00-ден 12:00-ге дейін өңірдің 194 елді мекенінде 50 пайыздан астам халық дауыс берген.

Аумақтық сайлау комиссиялардың дерегінше, 1 қала, 6 кент, 70 ауылдық округте тұрғындар дауыс беріп жатыр. Жалпы, 77 әкім Семей қаласы және Абай, Алтай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Зайсан, Қатонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха ауданында сайланады.

Облыста 221 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.