Бес жасар қыз кір жуатын машинада кептеліп қалды

Бес жасар қыз кір жуатын машинада кептеліп қалды
Сурет: ТЖД

Оқыс оқиға Павлодар облысы Тереңкөл ауылында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11-14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері барып, арнайы құралдардың көмегімен баланы алып шыққаны нақтыланады.

Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.