5 өңірде қар жауады - Қазгидромет

5 өңірде қар жауады - Қазгидромет Сурет: Ашық дереккөзі

Қазгидромет 28 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


28-30 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с солтүстік-батыс бағыттағы жел соғады.


Қарағанды облысында 28 қыркүйекте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.


Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады.


Астана қаласында кей уақыттарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.


Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.


28-29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) 29 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37