5 мамырға арналған ауа райы болжамы

5 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Жел, шаңды дауыл, тұман

Синоптиктер Қазақстандағы 5 мамыр күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауқымды антициклон ықпалынан республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында фронтальды белсенділіктің өтуімен күн күркіреп, кейде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батысты тұман басады.

"Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Ұлытаудың шығысында, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, Ақтөбенің солтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік-шығысында, топырақ бетінде 1-6 градус аяз болады", - делінген хабарламада.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с және одан да көп күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, топырақ бетінде -1-3° аяз, күндіз +12+14°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 8-13, 15-20, күндіз 25 метр болады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +21+23°С.