5 боксшы қызымыз Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

5 боксшы қызымыз Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Дүбірлі дода 20 мамырда мәресіне жетеді

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 5 қазақстандық боксшы жартылай финалда бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемппионатында бес қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты. Олар: Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) бар.

Ал Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалдағы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберіп, жартылай финал жолдамасынан тыс қалды.

Сондай-ақ одан бұрын Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шыққан еді.

Дүбірлі дода 20 мамырда мәресіне жетеді. Қазақстан аумағында тікелей көрсетілімді «Qazsport» телеарнасы қамтамасыз етіп отыр.