45 жастан кейін етті қалай дұрыс жеу керек?

45 жастан кейін етті қалай дұрыс жеу керек?
Сурет: Klike.net

Көкөністерді сүйікті тағамдардың серігіне айналдыру керек

Жас ұлғайған сайын қызыл етті жегенді азайтқан дұрыс. Асқазандағы ауырлықты сезе бастағанда адамдар оны тауық, балық немесе ақуыздың басқа бір көздерімен алмастыра бастайды. Кейбір зерттеулер ет өнімдерін шектен тыс пайдаланудың ішек қатерлі ауруына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Дәрігер-диетолог Марина Макиша РЕН-тв-ға берген сұхбатында тамақтану рационын қалай теңдестіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ферменттер белсенділігінің төмендеуі

Уақыт өте, адам жасы ұлғая келе, ет ақуызын сіңіретін ас қорыту ферменттерінің белсенділігі төмендей бастайды. Тойымды тамақ жеп алғаннан кейін асқазанды ауырлық сезімі басады. Бұл адамның жасының өзгеруіне байланысты қалыпты процестер. Бірақ көптеген адамдар 45-50 жастан кейін сиыр, қой етінен мүлде бас тартады. Жыл өткен сайын ас қорыту тоқтамайды, сондықтан диетолог мұндай өнімдерді аздаған порциямен – 70-100 грамға дейінгі мөлшерде қолдануға кеңес берді.

Денсаулыққа пайдалы баламалар

Ақуыз – ағзаны түзуші ең маңызды компонент. Ақуыз жеткіліксіздігі және оның сіңірілу қиындығы мәселелері көбіне жасы үлкен адамдарда кездеседі. Сондықтан өз тамақтану рационынын теңестіріп, бақылап отыру өте маңызды.

Қызыл етті әдетте тез сіңірілетін жеңіл ақуызбен алмастырады. Оның дәстүрлі нұсқасы – құс еті немесе балық.

 «Сүт қышқылды өнімдер де жарайды – мысалы, сүзбе. Бұл ақуыз белгілі бір мағынада, ферменттелген болып келеді. Жұмыртқа ақуызы да жеңіл қорытылады», - дейді диетолог. Баламалы ас ретінде протеинді коктейльдер көбірек қолданысқа ие болуда.

Шектен тыс қолдану

Еттен шектен тыс көп жеу ағзаның оны қорытып үлгермеуіне әкеледі және бұл ас қорыту жүйесіне кері әсер етіп, ішек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Қорытылмаған еттің қозғалысы асқазанда ұзақ уақыт бойы жайсыздық сезімін тудырады.

Ақуыз жетіспеген кезде, жас ұлғая келе, саркопения, бұлшық ет массасының жоғалуы байқалады. Осыған байланысты омыртқа сенімді тірегін жоғалтады.

Көкөністер - тамақтану рационының міндетті элементі

Етті жеу ішектің қатерлі ісігін тудырады деген пікір қалыптасқан. Шын мәнінде интернет пайдаланушылары ғылыми зерттеулерді соңына дейін оқымайды. Салдарынан қате түсінік қалыптасады.

«Мұндай қауіп адам етті көп жегенде емес, көкөністерді тұтынбағанда пайда болады. Етті де, көкөністерді де пайдаланатын адамдарға ерекше қауіп жоқ», - деп нақтылады Марина Макиша.

Аурудың алдын алу үшін еттен бас тартудың қажеті жоқ. Қандай көлемдегі еттің салдарсыз сіңетінін түсіну, дұрыс баламаларды пайдалану керек және өсімдік негізіндегі өнімдерді де ұмытпаған жөн.