4 сәуірге арналған ауа райы болжамы

4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді

4 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Almaty-akshamy.kz бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с екпінді жел соғады, күші 23-28 м/с дейін артады. Өңірдің шығысында тұман болжанады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде 15-20 м/с екпінді жел соғады, күші 23-28 м/с дейін артады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, өңірдің солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман болады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.