Төрт пайыздық автонесие алғандардың тізімі жариялана ма?

Төрт пайыздық автонесие алғандардың тізімі жариялана ма?
Сурет: Тolqyn.kz

Бұл сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жауап берді.

Министрдің айтуынша, автонесие алған адамдардың тізімін өздері рұқсат бергенде ғана жариялауға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Былтыр 4 пайыздық автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінген болатын. Осы ақшаның есебінен 12 мыңға жуық адам көлікті несиеге рәсімдеді. Олар ай сайын банктерге төлем жасап отырады. Осылайша тағы 7,6 миллиард теңге жиналды. Оны күні кеше autonesie.kz порталы арқылы тағы 761 адамға үлестірді.

Министрдің айтуынша, барлық адамның тізімін жариялауға болады. Бірақ ол азаматтардың келісімі керек.

"Бағдарламаға қатысатындардың тізімін өзіміз жариялай алмаймыз. Себебі бұның барлығы – жеке мәлімет. Ал ол адамдардың келісімі болса, тізімді жариялауға болады", - деді Қарабаев.

Оның сөзіне қарағанда, бастапқыда автонесие жүйесінің ашықтығына қатысты сенімсіздік болған. Сондықтан адам факторын болдырмау үшін цифрлық платформа іске қосылды. Енді револьверлік тәртіппен жиналатын автокредиттің ақшасы портал арқылы ғана үлестіріледі.

Айта кетері, келесі айда autonesie.kz сайтында тағы өтінім қабылданады. Бірақ ол кезде 100-ден астам адам ғана алады. Себебі бір айдың ішінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жиналады.